УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

1513000 Ветеринария мамандығы, 1513032 Ветеринарлық санитар біліктілігі 3 айлық курс

Желтоқсан айының соңында колледжімізде 3-айлық қысқы мерзімді вет-санитар курстары өз жұмысын зертханалық кабинетінде жүргізді. Зертханалық сабақта ет, сүт, балық, шұжық, бал өнімдерінің сапасын анықтау әдістері көрсетілді.

  *Дәлірек айтқанда еттің балаусалығын анықтау әдістері, еттің қай малдан алынғаны, еттегі гликоген мөлшерін анықтау, балық өнімдерінің сапасын ажыраату, ауру малдан алынған етті анықтауда пероксидаза, формол сынама әдістері көрсетілді. Сүт өнімдерінің табиғилығын анықтау әдістері, сүттің тығыздағын анықтау, сүтке су қосылғандығын анықтау, сода, крахмал қосындысын ажырату әдістері көрсетілді. Бал өнімінің табиғилығын, гүл балын шіре балынан ажырату, балға қызылша сироптарын қосылғандығын ажырату, балға басқа да қосындыларын ажырату әдістері көрсетілді.

 Курс сонында 1513000 «Ветеринария» мамандығы, 1513032 «Ветеринарлық санитар» біліктілігі берілді.

 

 21 декабрь 2020